БЕКІРЕ БАЛЫҚТАР

lat: BEKİRE BALYQTAR

бұларға бекіре, қортпа, пілмай, қалуға, шоқыр, сүйрік балықтары жатады. Бекіре балықтарында сүйек болмайды. Олардың етінен әр түрлі балық тағамдарын және ысталған тағамдар әзірлейді. Бекіре еттері көптеген кулинарлық тағамдар әзірлеуге жарайды. Бекіре тек Каспий теңізінде, Еділ мен Жайық өзендерінде ғана мекендейді. Ұзындығы 5 м-дей, салмағы 200 кг-ға дейін. Бекіре тұқымдас балықтардың ішіндегі семізі және еті жұмсағы. Бекіре балықтары саудаға суытылған, мұздатылған және ысталған түрде түседі, сонымен қатар оны балық өнімдерін және әр түрлі балық консервілерін өндіруде қолданады.